Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру тәртібі өзгереді. Ішкі істер министрлігі тиісті қағидаларға түзетулер әзірледі, деп хабарлайды «24KZ».
Енді теориялық немесе практикалық емтиханнан үш рет сүрінген азаматтар келесі мүмкіндік үшін ақы төлейді. Алғашқы сәтсіздіктен кейін емтиханды жұмыс күні қайта тапсыруға болады. Екінші талпыныстан да өте алмаса, дайындалуға 10 күн беріледі. Сонымен қатар теориялық емтиханды жақсы нәтижемен тапсырған азамат практикалық сынақтан құласа, алғашқысының қорытындысы сақталады. Бұл өзгерістер мемлекеттік қызмет алуды жеңілдетуге және уақыт үнемдеуге бағытталған.
Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары:
– Теориялық емтиханды тапсырып, практикалық емтиханнан өте алмасаңыз, теориядан алған нәтижеңіз сақталады. Шетелдік жүргізуші куәлігін Қазақстанның жүргізуші куәлігіне ауыстыру үшін алдымен теориялық емтихан тапсыру қажет. Бұдан бөлек, өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!
Тегтер #24KZ #жүргізуші куәлігі #емтиханPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz