RU
Толық нұсқаға өту
фото: ЖИ

Қазақстанда ауыр самосвалдарға жалпыға ортақ жолмен жүруге шектеу қойылмақ

13.10.2026, 15:30 47

Қазақстанда ауыр самосвалдардың жалпыға ортақ жолдармен жүруін шектеу, жол материалдарының сапасын тексеру және құрылыс барысын бақылауды күшейту жоспарланып отыр, деп хабарлайды 24KZ Respublica партиясына сілтеме жасап.

Бұл мәселелер 13 қазанда Құрылтайдың Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің отырысында талқыланды. Комитет жанындағы жұмыс тобының ұсыныстарын Үкімет қолдап, жауапты мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берген.

Ұсыныстарға сәйкес, жүк көтергіштігі 25 және 40 тонна болатын самосвалдарды карьерлік техника санатына жатқызып, оларға арнайы мемлекеттік нөмір беру көзделіп отыр. Сондай-ақ мұндай көліктердің жалпыға ортақ жолдармен жүруіне шектеу қойылуы мүмкін.

Бұдан бөлек, 1 қарашадан бастап оңтүстік өңірлерде 50/70 маркалы, ал солтүстік және орталық аймақтарда 70/100 маркалы битум қолдану жоспарланған. Бұл талаптар өңірлердің климаттық жағдайына қарай белгіленеді.

Сонымен қатар жол құрылысына пайдаланылатын материалдардың сапасын тексеру және құрылыс жұмыстарына бақылау жүргізу күшейтілмек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz