RU
Толық нұсқаға өту
фото: ЖИ

Петропавлда мектеп бухгалтері мен мұғалімі 89 млн теңге жымқырған

13.10.2026, 16:23 42

Петропавлдағы №42 мектептің бухгалтері мен мұғалімі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды 24KZ.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы анықтағандай, бухгалтер 2019 жылғы тамыздан 2024 жылғы тамызға дейін білім беру ұйымының қызметкерлеріне жалақы ретінде жалпы сомасы 89 млн теңгені заңсыз аударған. Соның ішінде мектеп мұғалімдерінің бірінің қатысуымен 25 млн теңге шығын келтірілген.

Осы факті бойынша Петропавл қаласының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған. Бұл бап сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салуға қатысты.

2026 жылғы 25 мамырда Петропавл қалалық соты бухгалтер мен мұғалімді кінәлі деп таныды. Сотталғандар 10 жыл бойы материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан да айырылды.

Облыс прокуратурасы бюджет қаражатын пайдалану саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау жұмысын жалғастырып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz