RU
Толық нұсқаға өту

«Таза Қазақстан» road-эстафетасы басталды

14.10.2026, 08:15 37

Елде «Таза Qazaqstan» ROAD эстафетасы. басталды Экологиялық «науқанға» әділет партиясының жастар қанаты мұрындық. болды 5 мыңға жуық азамат «Астана-Өскемен» бағытындағы 1800 шақырымға жуық жол бойын қоқыстан тазалайды, деп хабарлайды 24KZ.

Экошара Ақмола, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды. Қатысушылар 10 аудан мен 59 ауылға барады. Олар түрлі экологиялық акциялар өткізіп, тарихи-мәдени орындарды ретке келтіреді. Ал депутаттар тұрғындармен кездесіп, қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырады.

Ержан Жылқыбаев, «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары:

– Табиғатқа жанашырлық – халқымыздың қанына сіңген қасиет. Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан жүйелі реформалардың нәтижесінде мемлекетіміз жаңа дәуірге қадам басты. Президентіміз экономикалық, әлеуметтік, цифрлық дамудан бөлек, «Таза Қазақстан» бастамасына да көп көңіл бөліп жатыр.

Александр Данилов, ҚР Құрылтайының депутаты, «Әділет» фракциясының мүшесі

- Бұл табиғат тазалығын ғана емес, ой тазалығымен азаматтық жауапкершілікті де дәріптейтін бастама. Іске көптеген жас қатысып, экомәдениетті қалыптастыруға өз үлесін қосып отыр. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жол эстафетасы Астанадан Өскеменге дейін жалғасады. Мақсаты – жол бойын қоқыстан тазартып, қоршаған ортаға жанашырлық таныту мәдениетін кеңінен насихаттау.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz