RU
Толық нұсқаға өту
ЖИ

Алматыда оқушылар жаппай уланып қалды

14.10.2026, 09:36 37

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде оқушылар жаппай уланып, мектеп қызметі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды «24KZ»

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазанның 12-13 аралығында Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Қазір олардың бәрі дәрігерлердің бақылауында.

Интернатта тағы 8 бала оқшауланып, медициналық бақылауға алынған.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қаулысымен мектептің, интернаттың және ас блогының жұмысы уақытша тоқтатылды. Қазір мамандар тексеру жүргізіп, зертханалық зерттеулерге сынамалар алды.

Басқарма мәліметінше, жағдай тиісті қызметтердің бақылауында.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz