Үкіметте автожол саласын реформалау жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Топ мүшелері жол құрылысының қолданыстағы жүйесін қайта қарап, сапаны бағалау тәсілін жетілдіру және құрылыс нормаларын жаңарту бойынша ұсыныс әзірлейді.
Ондағы мақсат жол инфрақұрылымын жақсарту, мемлекеттік қаражаттың тиімді әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз ету. Цифрлық шешімдер енгізу де көзделген. Жұмыс тобына Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жетекшілік етеді. Премьер-министр желтоқсанға дейін автожол саласын түбегейлі реформалау жөнінде заңнамалық шараларды қамтитын ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
Тегтер #жол құрылысы #талаптар #автожол #инфрақұрылымPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz