RU
Толық нұсқаға өту

Astana Media Week: жасанды интеллекттің медиаға ықпалы басты назарда. LIVE

14.10.2026, 13:25 41

Үш күнге созылатын кәсіби алаңға отандық және шетелдік журналистер, медиа басшылары, мемлекеттік органдар мен технологиялық компаниялардың өкілдері жиналды. Биыл жасанды интеллектінің медиаға ықпалы және аудитория сенімін сақтау мәселесі басты назарда. Жиында тағы қандай маңызды ақпарат айтылды.

Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:

- 10 жылдық трансформация. Сенімнің жаңа архитектурасы. Биылғы медиа апталықтың негізгі тақырыбы осындай. Қазір ақпарат тарату тәсілдері жылдам өзгеріп, жасанды интеллект контент жасаудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынып отыр. Алайда технология дамыған сайын ақпараттың шынайылығын тексеру, цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және журналистикада кәсіби жауапкершілігті сақтау мәселелері де өзекті бола түсті.

Astana Media Week алаңына Қазақстаннның Мәдениет және ақпарат министрі - Арман Қырықбаев қатысты. Форумда Euronews, Meta, TikTok компанияларының өкілдерімен қатар Қазақстанның және Орталық Азия елдерінің медиа мамандары бас қосты. Сарапшылар технологиялық өзгерістердің ақпарат кеңістігіне әсерін талқылап, өңірлік медианың халықаралық аудиторияға шығу мүмкіндіктерін қарастырады.

Үш күндік бағдарламада медиа саласына қатысты өзекті тақырыптар қамтылған. Бүгін форумның бірінші күні. Осы уақытқа дейін ресми ашылу салтанаты мен бірнеше панельдік сессия өтті. Қатысушылар «AI, IT және медиа арасындағы жауапкершілік шегі, цифрлық технологиялар дәуіріндегі жастардың қауіпсіздігі мәселелері төңірегінде пікір алмасты. Соңғы тақырыпқа қатысты Азия-Тынық мұхиты өңірі бойынша Meta компаниясының өнімдеріне қатысты мемлекеттік саясат жөніндегі директоры Филип Чуа баяндама жасады. Панельдік сессияда сарапшылар жасөспірімдердің жасына сай келетін цифрлық ортаны қалыптастыру жайы сөз болды. 

Еске сала кетейік, Astana Media Week осымен 10-ші рет ұйымдастырылды. Бұл – медиа саласының бүгінгі мен ертеңін, даму бағыттарын айқындауға арналған кәсіби диалог алаңы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz