Алматыда Республикалық физика-математикалық мектептің 48 оқушысы астан уланып, ауруханаға түскен. Осыған байланысты қалалық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды «24KZ».
«Бұл жағдай бойынша Бостандық аудандық Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттері, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің тексеру қорытындысы негізінде оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тиісті процестік шешім қабылданады», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Тегтер #Алматы #оқушылар уланды #полиция #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz