RU
Толық нұсқаға өту
фото: depositphotos.com

Ақтөбеде даму ерекшеліктері бар жастарға арналған алғашқы оқу-өндірістік комбинат ашылады

14.10.2026, 14:59 41

Ақтөбеде даму қажеттіліктері бар жастардың кәсіби білім алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасалады, деп хабарлайды «24KZ».

Биыл қарашада Ақтөбе сервис колледжінің базасында өңірдегі алғашқы оқу-өндірістік комбинат ашылады. Қатысушылар мұнда кондитер мамандығын меңгеріп, іс жүзінде тәжірибе жинақтайды. Бұл жобаны жүзеге асыру мақсатында бүгін Ақтөбе облысының білім басқармасында талқылау жүргізілді.

Кездесу барысында басқарма мен «Bolashak Charity» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат өңірде жобаны жүзеге асыруға негіз болады.

 «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz