RU
Толық нұсқаға өту
фото: depositphotos.com

Алматыда қоқыс шығару ақысына 50 пайызға дейін жеңілдік беріледі

14.10.2026, 15:47 37

Алматыда әлеуметтік осал санаттағы тұрғындар қоқыс шығару қызметіне ақы төлеу кезінде жеңілдік ала алады, деп хабарлайды 24KZ Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Қадағалау органы осы қызметке ақы төлеу кезінде азаматтардың жеңілдік алу құқығы бұзылғанын анықтаған.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау қорытындысы бойынша Алматы қаласы мәслихатының «Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін бекіту туралы» шешіміне азаматтардың жекелеген санаттары үшін жеңілдіктер қарастыратын өзгерістер енгізілді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Ұлы Отан соғысына қатысушылар қоқыс шығару ақысын төлеуден толық босатылды. Ал мына санаттағы азаматтарға 50% жеңілдік беріледі:

·         Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген азаматтар;

·         бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

·         бала кезінен мүгедектігі бар адамдар;

·         мүгедектігі бар балалардың ата-аналары мен заңды өкілдері;

·         жетім балалар.

Екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен азаматтардың өзге де әлеуметтік осал санаттарына 25% жеңілдік қарастырылған.

Аталған жеңілдіктерді алу үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды жүзеге асыратын ұйымдарға қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша жүгіну қажет, – деп түсіндірді прокуратура.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz