Астанада интернет арқылы букмекерлік кеңселерге бәс тіккен екі мемлекеттік қызметші қызметінен босатылды, деп хабарлайды 24KZ.
Есіл ауданының прокуратурасы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауына талдау жүргізген. Нәтижесінде екі шенеуніктің интернет арқылы букмекерлік кеңселерде бәс тіккені анықталды.
Олардың бірі аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімін басқарған. Екіншісі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде бас маман болған.
Прокуратураның ден қою шараларынан кейін екеуі де атқарып отырған қызметінен босатылды.
Прокуратура мемлекеттік қызметшілер заңда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға міндетті екенін еске салды. Мұндай әрбір дерекке құқықтық баға беріледі.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #шенеунік #букмекерлік кеңсеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz