Қазақстандағы мекеме-кәсіпорындардағы жұмысшы саны 3 млн 378 мыңнан асады, деп хабарлайды 24KZ.
Оның 48% пайызы ер адам болса, 52 пайызға жуығы әйелдер. Бұл – ұлттық статистика бюросы жүргізген іргелі зерттеудің қорытындысы. Зерттеу қорытындысына сәйкес бірқатар кәсіпорында орташа айлық жалақының өскені байқалады. Былтырғымен салыстырғанда жалақының ең жоғары өсімі өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа да сабақтас кәсіптердің жұмысшыларына тиесілі екен. Олардың еңбекақысы 13%-ға өскен. Ал өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылар мен жүргізушілердің жалақысы 10,4%-ға көбейді. Биыл жалақысы 100 мың теңгеге дейінгі қызметкерлердің үлесі 1%-ға дейін төмендесе, еңбекақысы 100 мыңнан 300 мың теңгеге дейінгі жұмысшылардың үлесі 3,7 пайызға азайған. Ал 300 мың теңгеден жоғары жалақы алатындардың үлесі 4,7%-ға дейін артыпты.
Тегтер #24KZ #еңбек адамы #жалақы #кәсіпорындар #Ұлттық статистика бюросыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz