RU
Толық нұсқаға өту

Талдықорғанда «Жас жазушылар» байқауы өтті

14.10.2026, 18:15 37

Талдықорғанда сырлы сөздің шебері Сайын Мұратбековтің 90 жылдығына орай «Жас жазушылар» байқауы өтті, деп хабарлайды 24KZ.

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясындағы шара оқушыларды шығармашылыққа баулып, қаламгердің туындыларын насихаттауға бағытталды. Алғаш рет өткізілген конкурсқа 50 оқушы қатысты. Олардың шағын әңгімелерін жергілікті ақын-жазушылар саралап, үздіктерін анықтады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаржылай сыйақыға ие болып, жекелеген аталымдар бойынша марапатталды. Игі бастамаға «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі ұйытқы болды. Айта кетейік, бұл – Сайын Мұратбековтың шығармашылығын дәріптеуге арналған өңірдегі іс-шаралардың бастамасы. Ертең ғылыми конференция өтіп, «Жабайы алма» спектаклі сахналанады.

Малика Қанатқызы, байқау жеңімпазы:

– Мен болашақта Сайын Мұратбековты зерттеуге, тағы да шығармашылығын оқуға дайынмын. Өйткені біз Сайын Мұратбековтың шығармасын оқи отырып, рухани дамимыз.

Мұхтар Күмісбек, «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебінің жетекшісі:

– Бұл байқаудың негізгі мақсаты – өңірдегі жас қаламгерлерді елге насихаттау. Байқау жас сайындарды тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біз осыған дейін 500-ге жуық оқушыға кітап оқу мәдениетін сіңірген болатынбыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz