Шымкентте жаңадан төселген асфальт жабынынан алынған сынамалардың үштен бірі талапқа сай емес. Мамандардың айтуынша, пайдаланылған материалдардың сапасы нашар болып шықты, деп хабарлайды 24KZ.
Құрылыс материалдарынан алынған 844 сынаманың 300-ге жуығы жарамсыз деп танылды. Бұл туралы Ұлттық сапа орталығының өкілдері мәлімдеді. Құрылыс учаскелеріндегі асфальт-бетонның құрамы бұзылған. Осыған байланысты мердігерлерге ескерту жасалды. Сарапшылар мұны аптап ыстықпен және зауыт жұмысындағы адами фактормен байланыстырады. Қазір кемшіліктерді жою жұмыстары жүріп жатыр.
Қанат Жолтаев, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының директоры:
– Тастардың көбі ірі болып кетуі, майда тастар болып кетуінен қоспалар талапқа сәйкес келмей жатыр. Құрамның дұрыс болмауынан қабыршақтану, жылжулар пайда болуы мүмкін. Материалдардың барлығын талапқа сәйкес алса, осындай ақаулар шықпайтыны туралы түсіндірме жұмыстары жүріп жатыр.
Тегтер #24KZ #Шымкент #жол сапасы #тасжол #ақау #асфальтPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz