RU
Толық нұсқаға өту

Ақтаудағы битум зауытының өндіріс қуаты артты

14.10.2026, 21:50 41

Ақтаудағы битум зауыты 9 айда 282 мың тонна өнім шығарды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46%-ға артық, деп хабарлайды 24KZ.

Кәсіпорын жылына 1 млн тонна мұнай өңдеп келсе, биыл қайта жаңғыртудан соң өндіріс қуаты 1,5 млн тоннаға артты. Соның ішінде жоғары сапалы жол битумын өндіру көлемі 500 мыңнан 750 мың тоннаға дейін жетті. Зауыттың ескірген құрал-жабдығы толық ауыстырылды. Қазір Қаражанбас кен орнынан келетін шикі мұнайды қабылдау, технологиялық құралдарды басқару жүйелері жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін 400 мың тонна жол битумын өндіру жоспарда тұр. Отандық зауыт Орталық Азиядағы ең ірі жол битумын өндіруші кәсіпорын саналады. Зауытты жаңғырту Үкіметтің экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарына енгізілді.

Талғат Мұқанов, «CASPI BITUM» БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары:

– Тамыз айында рекордтық көрсеткішке жетіп, 65 мың тонна битум өндірген болатынбыз. Тамыз-қыркүйек айларында Қазақстан бойынша біздің битум өндірісіміз басқа зауыттармен салыстырғанда ең жоғары деңгейде. Жоспарымыз – ішкі нарықтың толығымен битум қажеттілігін жауып, битумды экспорттау.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz