RU
Толық нұсқаға өту
ЖИ

251 млн теңге: БҚО-да жалған құжатпен субсидия алған күдікті ұсталды

15.10.2026, 09:37 40

Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасына бөлінген бюджет қаржысының жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды «24KZ»

Тергеу мәліметінше, күдікті өзінің бақылауындағы «Агрокомплекс АРСЕН» және «ОнегеАгроСервис» ЖШС-лері арқылы Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылдық округінде су үнемдейтін суару жүйелерін салуға жұмсалды деген шығынды өтеу үшін уәкілетті органға инвестициялық субсидия алуға қажетті құжаттарды тапсырған.

Шығынды растау үшін жалған төлем тапсырмалары мен орындалған жұмыс актілері ұсынылған.

Агенттіктің мәліметінше, осы құжаттардың негізінде күдіктінің бақылауындағы серіктестіктердің есепшоттарына жалпы сомасы 251 млн теңге инвестициялық субсидия аударылған. Кейін бұл ақша қолма-қол ақшаға айналдырылған. Қаражаттың бір бөлігіне тұрғын үй сатып алынған.

Соттың рұқсатымен аталған мүлікке тыйым салынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz