Ақтөбе облысында 2026-2027 жылдардың қысқы кезеңіне республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын дайындау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды «24KZ».
Өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 1 875 шақырым. Оның 262 шақырымында реконструкция жұмыстары жүргізіліп жатыр, ал қалған 1 613 шақырым жолды күтіп-ұстау жұмыстарын «ҚАЖсервис» ЖШС Ақтөбе облыстық филиалының алты жол пайдалану бөлімшесі мен тоғыз пункті жүзеге асырады. Филиалда барлығы 375 қызметкер еңбек етеді.
Қыс мезгілінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы техниканың 126 бірлігі қысқы маусымға дайындалды. Олардың ішінде роторлы қар тазалағыштар, автогрейдерлер, тракторлар, тиегіштер, бульдозерлер, экскаваторлар және аралас жол машиналары бар.
Сонымен қатар автомобиль жолдарының бойында 99 жатын орны бар 15 жылыту пункті қарастырылған. Қысқы кезеңге дайындық аясында құм, тұз және көмір қоры жасақталып, қардан қорғайтын қалқандар мен «Тайғақ жол» ескерту белгілерін дайындау жұмыстары жүргізілуде.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #жол #қыс #автомобиль #жылыту пункті #ҚАЖсервис #Ақтөбе облысы #24жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz