RU
Толық нұсқаға өту
depositphotos.com

«Ұмай» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау жақында қайта басталады

15.10.2026, 09:38 40

Азия даму банкі  «Ұмай» әйелдер ипотекалық бағдарламасын қаржыландыру үшін 20 миллиард теңге көлемінде екінші траншты мақұлдады. Бұл қаражат жақын арада «Отбасы банкке» түседі деп күтілуде, деп хабарлайды «24KZ».

«Отбасы банк» өкілдері бұл ақпаратты, қаржы келіп түскеннен кейін банк өтінімдерді қабылдаудың басталатын күні туралы қосымша хабарлайтынын растады. 

Еске сала кетейік, сәуір айында «Отбасы банк» мен Азия даму банкі «Ұмай» және «Жасыл ипотека» бағдарламаларын жүзеге асыру үшін 90 миллиард теңгелік келісімге қол қойған болатын. Бірінші транш бойынша 9 миллиард теңге көлеміндегі қаражат тамыз айында түсіп, 31 тамызда өтінім қабылдау басталған еді. Лимит небәрі жеті сағат ішінде таусылып, банк 855 өтінім қабылданды. 

Соңғы мәлімет бойынша мәлімет бойынша, «Ұмай» бағдарламасы аясында 366 займ беріліп, тағы 296 өтінім рәсімделу сатысында тұр.

Бұған дейінгі кезеңдегі «Ұмай» ипотекасының шарттары бойынша жылдық мөлшерлеме - 14,8%, несиенің ең жоғары сомасы -50 миллион теңгеге дейін, бастапқы жарна, ірі қалаларда 20%-дан бастап, ал өңірлерде 15%-дан басталған. 

Әзірге банк бұған дейін өтінім беріп, бірақ қаржыландыру ала алмай қалған азаматтардың қайта тіркелуі қажет пе, жоқ па, сондай-ақ бағдарлама шарттарына өзгерістер енгізіле ме, бұл туралы алдын-ала мәлімет әзірге жоқ. Дегенмен, 31 тамызда өтінім беруге үлгермей қалған әйелдер келесі кезеңде өтінім бере алады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz