Суды тазарту әдістері, энергетика және нанотехнологиялар.
Қазақ және бельгия ғалымдары бірлесіп осы бағыттарда іргелі зерттеулер жүргізбек. Астанада өткен Қазақстан-Бельгия ректорлары форумында Ядролық физика институты Гент университімен меморандумға қол қойды. Жалпы Гент университетімен ынтымақтастық биыл басталған. Қос ел ғалымдары су тазарту және органикалық ластағыштарды,. соның ішінде антибиотиктерді жою бағытында бірнеше зерттеу жүргізген. Оның бірі Алматы маңындағы Сорбұлақ суын тазарту тиімділігін анықтауға арналыпты. Ғылыми зерттеу қорытындысы бойынша ауқымды мақала жарияланды. Мұндай халықаралық ғылыми-зерттеу жобасы алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Тегтер #Қазақстан #Бельгия #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz