Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде астан ұшынған оқушы саны 55-ке жетті.
Бұл туралы бүгін қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Жіті ішек инфекциясын жұқтырған олар, қалалық клиникалық инфекциялық ауруханада емделіп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, барлығының жағдайы тұрақты. Реанимациялық шараларды қажет етпейді. Кеше жаңалықтарымызда 48 оқушының жіті ішек инфекциясымен ауруханаға түскенін айтқан едік. Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мектеп асханасында талаптың сақталмағанын мәлімдеді. Атап айтқанда, азық-түлік өнімдерін сақтау, дайын тағамдардың тәуліктік сынамаларын алу және тамақтануды ұйымдастыру ережесі бұзылған. Осы жәйт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Ал оқушылар сабағы уақытша онлайнға ауыстырылды.
Тегтер #Алматы #физика #математика #мектеп #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz