Ақтөбе облысында көлік бақылау инспекциясының қызметкері тасымалдаушыдан бірнеше рет пара алғаны үшін сотталды. Сот оған 5,5 млн теңге айыппұл салды, деп хабарлайды «24KZ».
Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, инспекция қызметкері автокөліктің кедергісіз өтуін қамтамасыз еткені үшін тасымалдаушыдан бірнеше рет ақша алған. Параның жалпы сомасы 170 мың теңгені құраған.
Сот үкімімен айыпталушыға 5,5 млн теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ оған мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойына тыйым салынды.
Прокурордың өтінішхаты негізінде Көлік бақылау инспекциясына қатысты жеке қаулы шығарылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #Ақтөбе #Бас көлік прокуратурасыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz