Алматыдағы 38 қалалық емханада жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылған, деп хабарлайды «24KZ»
Бір жыл ішінде тұрғындар осы пункттерге 1 200 келіге жуық дәрі қалдығын тапсырған.
Жиналған дәрі-дәрмектер қауіпсіз жолмен жоюға жіберілді. Жобаны ECO Network экологиялық қауымдастығы Eco Almaty қолдауымен жүзеге асырып жатыр.
Мамандар мерзімі өткен дәрілерді тұрмыстық қоқысқа тастауға немесе кәріз жүйесіне ағызуға болмайтынын ескертеді. Мұндай қалдықтар топырақ пен су айдындарын ластауы мүмкін.
Тұрғындарға жарамдылық мерзімі өткен дәрілерді арнайы жинау пункттеріне тапсыру ұсынылады.
Тегтер #Алматы #дәрі дәрмек #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz