Алдағы уақытта коллекторлық агенттіктердің жұмысына бақылау күшейеді. Оған азаматтардың шағымы себеп боп отыр. Қолданыстағы норма бойынша заңды жүйелі түрде бұзған коллекторлық компания тізімнен шығарылады.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдерінің айтуынша, енді талап бұдан да арта түседі. Қазір жаңа ұсыныстар қаралып жатыр. Олар жыл соңына дейін зерттеліп, келер жылы қолданысқа енгізіледі деп жоспарланған. Жалпы бұл салада реттеу басталғалы 135 ұйым қызметін тоқтатты. Оның ішінде 62 агенттік тізімнен мәжбүрлі түрде шығарылды. Дегенмен қазір елде 212 коллекторлық агенттік жұмыс істейді. Сонымен қатар 2024 жылы банктердің қайтарылмай қалған несиелерін коллекторларға сатуына мораторий енгізілген.
Арман Омарбеков, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктік емес ұйымдарды реттеу департаментінің директоры:
- Коллекторлық қызмет – жоғары әлеуметтік жауапкершілігі бар сала. Сондықтан заңнамалық деңгейде коллекторлық қызметті жүзеге асыру ережелері бекітілген. Осы 1 қазанға дейін қарасақ, 2024 жылдың басынан бастап. Онда проблемалық қарыздардың көлемі 358 млрд теңгеден 198 млрд теңгеге дейін төмендеген. Яғни 45 пайызға жуық азайған.
Тегтер #Коллекторлар #қызмет #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz