RU
Толық нұсқаға өту

Қонаевта «Вандализмге жол жоқ» акциясы өтті

15.10.2026, 21:42 34

Қонаевта «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Вандализмге жол жоқ» акциясы өтті. «Әділет» партиясының белсенділері облыс орталығындағы тарихи ескерткіштердің аумағын тазалады, деп хабарлайды 24KZ.

Іс-шараға 20-дан астам белсенді қатысты. Олар Абай Құнанбайұлы мен Бердібек Соқпақбаев ескерткішінің жан-жағын қоқыстан тазартып, Жеңіс саябағының аумағын ретке келтірді. Тұрғындар ескерткіштерге маркермен жазу жазып, бояп кетеді. Ал бүгінгідей игі істер жастардың мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді», – деді акцияға қатысушылар. Қала жастары бұған дейін Көшпенділер қалашығы мен Тамғалы тас петроглифтер кешенінде тазалық жұмыстарын жүргізіп, 50-ден астам граффити мен түрлі жазуларды өшірген. Сонымен қатар бұл аумақтан 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Меруерт Тілек, «Әділет» партиясы Жастар қанатының мүшесі;:

– «Вандализмге жол жоқ» акциясы – осы «Әділет» партиясымен бастау алған маңызды бастамалардың бірі. Оны осы әрдайым Қонаев қаласында «Әділет» партиясының Жастар қанаты жүзеге асыруда. Қазір Бердібек Соқпақбаев саябағында біздің белсенділер тазалық жұмыстарын жасауда. Ол осы жасөспірімдерді, жастарды, мектеп оқушыларын, студенттерді қоғамдық мәдениетті қалыптастыруға арналған акциялардың бірі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz