RU
Толық нұсқаға өту

Қызылордада жарықтың жаңа тарифі бекітілді

15.10.2026, 23:09 38

Қала тұрғындары мен кәсіпорындар электр энергиясының ақысын тұтыну көлеміне қарай сараланған бағамен төлейді. «Басты мақсат – қуат көзін үнемдеуге ынталандыру», – дейді компания өкілдері. Табиғи ресурстарды үнемдей білген тұтынушылар үшін ең төменгі тариф сақталады, деп хабарлайды 24KZ.

Ал белгіленген межеден асып кеткен жағдайда төлем мөлшері де артады. Сонымен қатар жарық таратушы мекеме жалғызбасты зейнеткерлер мен ерекше қажеттілігі бар азаматтарға, соғыс ардагеріне теңестірілген тұлғалар үшін жеңілдік қарастырады.

Ержан Әбдірбаев, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ маманы:

– Қызылорда облысы бойынша жеке тұлғалар үшін орташа тариф 32 теңге 50 тиынды құрайды. Сараланған тариф бойынша бірінші деңгей — 70 кВт-қа дейін 30 теңге 80 тиын, екінші деңгей — 70 кВт-тан 150 кВт-қа дейін 38 теңге 99 тиын, ал үшінші деңгей — 150 кВт-тан жоғары 48 теңге 75 тиын. Заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдар үшін қосылған құн салығын қоса алғанда, тариф 47 теңге 40 тиынды құрайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz