Еліміздің бірқатар өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді. Сондай-ақ үсік жүруі мүмкін, деп хабарлайды «24KZ».
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы +10...+12 градус, түнде -6...-8 градус аралығында болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 1–6 м/с, күндіз 7–12 м/с болады.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы +11...+13 градус, түнде +1...+3 градус болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с шамасында болады.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы +22...+24 градус, түнде +8...+10 градус аралығында болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #ауа райы #үсік #жел #тұман #жауын шашын #24жаңалықтар
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz