RU
Толық нұсқаға өту
фото: gov.kz

Қостанай облысындағы ірі су қоймаларының су тасқыны кезеңіне дайындығы тексерілді

16.10.2026, 08:39 35

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі ірі су шаруашылығы нысандарының жұмысымен және алдағы су тасқыны кезеңіне дайындығымен танысты, деп хабарлайды «24KZ». 
Тобыл қаласында министр Қостанай облысының әкімімен бірге елді мекенді тасқын судан қорғауға арналған бөгетті аралады. Былтыр нысанда күрделі жөндеу жұмыстарын барысында су өткізу құбырлары орнатылып, құбырлар мен бетон алаңдарға гидрооқшаулау жұмыстары жүргізілді. Жобаны іске асыру нәтижесінде Тобыл қаласындағы 3 500-ге дейін тұрғын үйді, әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындарды су басу қаупінен қорғауға мүмкіндік туды. 
Одан кейін министр Рудный қаласындағы Қаратомар су қоймасына барды. Сыйымдылығы 586 млн текше метрге жететін су қоймасы жергілікті тұрғындарды, сондай-ақ өңірдің ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларын сумен қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта су қоймасындағы су көлемі оның жалпы сыйымдылығының 67%-ын құрайды. Нысанда 391,2 млн текше метр су жиналған. Биыл су қоймасында су қақпаларын жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қаратомар су қоймасында болған кезде Нұржан Нұржігітов «Қазсушар» РМК Қостанай филиалының мамандарымен кездесті. Ал Лисаков қаласында министр су шаруашылығы саласындағы ведомствоға қарасты Жоғарғы Тобыл су қоймасының жұмысымен танысты. Сыйымдылығы 816,6 млн текше метрге дейін жететін нысанның қазіргі толу деңгейі 73%-ды құрайды. Су қоймасында 592,2 млн текше метр су жиналған. Биыл мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілді. 
 «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz