Алматыдағы №2 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығуға қатысуды цифрлық есепке алуға арналған Jump платформасы пилоттық режимде енгізіліп жатыр, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл жүйе жаттықтырушыларға тәрбиеленушілердің жаттығуға қатысуын динамикалық QR-код арқылы тіркеуге мүмкіндік береді. Егер баланың телефоны болмаса, жаттықтырушы оның қатысуын арнайы қосымшада белгілейді. Ал ата-аналар баласының жаттығуын бақылай алады.
Jump платформасы арқылы жаттығу кестесін, спорттық топ тізімін және қатысуды есепке алудың электрондық табелін жүргізуге болады. Сонымен қатар жүйе жаттығудың уақыты мен өтетін орнын, сондай-ақ спортшының тиісті топқа тіркелгенін ескереді.
Платформа бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында тегін әзірленіп жатыр. Алдағы уақытта Jump жүйесін Алматыдағы басқа да спорт мектептеріне енгізу мүмкіндігі қарастырылады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #спорт мектебі #цифрлық жүйе #платформа #Jump #жаттықтырушы #бала #24жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz