RU
Толық нұсқаға өту

Астанада әлеуметтік баспанаға қол салғандар анықталды

16.10.2026, 13:40 36

Астанада әлеуметтік осал топтарға арналған баспаналарға қол сұққан қылмыстық топтың ісі әшкереленді, деп хабарлайды 24KZ.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдіктілер жалған үлескерлердің атынан келісімшарттар жасап, сот шешімі арқылы пәтерлерді өз аттарына аударуды көздеген. Қылмыстық топ 80-нен астам жалған үлескерді тартып, жалпы құны 4,4 млрд теңгеден асатын 170 баспананы аттарына түсіріп, сатпақшы болған. Бұдан бөлек жалған шарттарды сатып алған азаматтарға 400 млн теңгеден астам шығын келген. Тергеу барысында полиция қызметкерлерінің де іске қатысы болуы мүмкін екені анықталды. Қазір 19 адам күдікті деп танылып, олардың тоғызы қамауға алынды.

Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:

– Тергеу барысында қылмыстық әрекетке сексеннен астам жалған үлескерлердің тартылғаны анықталды. Қылмыстық топ мүшелерінің әрқайсысына нақты міндет жүктелген, бірі жалған үлескерлерді тауып, олардың атына жалған шартты рәсімдесе, енді бірі сол шарттарды өзге адамдарға сатып, қылмыстық істердің жүргізілуіне ықпал еткен. Қылмыстық топ кооперативке жарна төлеу туралы жалған шарттарды азаматтарға сатқан. Соның салдарынан азаматтарға төрт жүз миллион теңгеден астам шығын келген. Сонымен қатар бұл іске полиция қызметкерлері де қатысы бар анықталды, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану және дәлелдемелерді бұрмалау деректері бойынша тергеу басталды. Жалпы құны екі жүз елу млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz