RU
Толық нұсқаға өту
фото: depositphotos.com

Жетісу облысындағы 5 ауыл табиғи газға қосылды

16.10.2026, 15:20 37

Жетісу облысында бес ауылды газдандыру жұмыстары аяқталып, табиғи газды бастапқы қосу рәсімі өтті, деп хабарлайды «24KZ». Олар – Панфилов ауданындағы Жиделі, Ақарал, Қызылжиде, Керімағаш және Сарпылдақ ауылдары.

Осылайша 302 үйді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. Бұл үшін  52,8 шақырым газ құбыры тартылып, бір газ реттеу пункті мен бес шкафтық газ реттеу пункті орнатылды. Газбен жабдықтау көзі ретінде Панфилов ауданындағы «Жаркент» автоматтандырылған газ тарату станциясы пайдаланылды. Оның қуаты қосылған үйлерді тұрақты газбен қамтамасыз етуге жеткілікті.

Аталған бес ауылды газдандыру Жетісу облысындағы газ инфрақұрылымын кеңейту жұмыстарының бір бөлігі саналады.

Айта кетейік, жалпы жыл басынан бері облыстың Кербұлақ ауданындағы тоғыз елді мекені газдандырылған.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz