Қазақстанда 4,8 млн-ға жуық отбасы әл-ауқаты төмен және орташа санаттарға жатады. Отбасының жағдайын бағалау тәртібі өзгерсе де, олардың заңда көзделген мемлекеттік жәрдемақыларды алу құқығы сақталады, деп хабарлайды 24KZ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған C санатына шамамен 3,2 млн отбасы кіреді. Экономикалық тұрғыдан осал D санатында 1,4 млн-ға жуық үй шаруашылығы бар. Ал әлеуметтік және экономикалық жағынан осал E санатына 128 мың отбасы жатады.
Мұндай отбасылар жұмыс табуда, баспана мәселесін шешуде және жақындарын қамтамасыз етуде қиындықтарға тап болуы мүмкін.
Әр жәрдемақы заңда белгіленген талаптарға сәйкес тағайындалады. Сондықтан C, D және E санатындағы отбасылардың барлығы бірдей төлемді автоматты түрде ала алмайды. Дегенмен отбасының әл-ауқат санатына қарап, мемлекеттік көмектен негізсіз бас тартуға жол берілмейді.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #қолдау #мұқтаж отбасыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz