RU
Толық нұсқаға өту

Алматының жер сілкінісіне дайындығы тексерілді

16.10.2026, 21:00 34

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алматыға жұмыс сапары барысында азаматтық қорғау нысандарын аралап, сейсмологиялық мониторинг және халықты құлақтандыру жүйелерінің жұмысымен танысты.

Сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңесте Қазақстан аумағының шамамен 40%-ы сейсмикалық қауіпті аймақтарға жататыны атап өтілді. Жыл басынан бері 1 мыңнан астам жер сілкінісі тіркелген, оның сегізі 2-4 балл деңгейінде сезілген. Қанат Бозымбаевтың айтуынша, сейсмикалық қауіпті болжау мәселесінде заманауи тәсілдер қажет және бұл жұмысқа цифрлық құралдарды белсенді түрде енгізу керек. Төтенше жағдай министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп сейсмологиялық мониторинг жүйесін жетілдіру, «Mass Alert» жүйесін енгізуді аяқтау және халықтың жер сілкінісіне дайындығын күшейту тапсырылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz