RU
Толық нұсқаға өту

Тариф бағасын негізсіз көтергендер анықталды

17.10.2026, 13:30 71

Қазақстандық байланыс операторлары ішкі нарықта монополия орнатып алған. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бір ұйымға ірі мөлшерде айыппұл да салды, деп хабарлайды 24KZ.

Серік Селеубайұлы, тілші:

- Кейінгі жылдары мобильді байланыс құны жылдам өсіп барады. Мәселен, 2020 жылы тарифтер 1,7%-ға қымбаттаса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 1,9%-ды, 2022 жылы 2,4%-ды, 2023 жылы 5,7%-ды көрсеткен. Ал 2024 жылы 22%-ға бірақ жоғарыласа, 2025 жылы тағы 7,1%-ға көтерілген. 2026 жылғы шілдеде байланыс қызметтерінің бағасы 7,6%-ға өсті. Қоңырау шалуға арналған минуттар, интернет-трафик пен SMS қамтылған тарифтік пакет үшін абоненттік төлем 10%-ға қымбаттады. Байланыс бағасы қалтаны қағып бара жатқанын тұрғындар да байқаған.

Баға, әсіресе, 2024 жылы күрт көтерілген. Мұны статистикалық деректер анық көрсетіп отыр. Жыл қорытындысы бойынша ұялы байланыс қызметтерінің құны 27%-ға артты. Бұл сол жылы мобильді операторлар тарифті елдегі жалпы тұтыну бағаларының өсу қарқынынан үш есе жылдам қымбаттатты деген сөз. Бұл жағдай Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің де назарын аударған. Нарыққа талдау жүргізген мемлекеттік орган үш бірдей оператордың монополиялық үстемдігін пайдаланып келгенін анықтады. Тіпті солардың біріне қатысты тергеу жүріп, іс қозғалды.

Нұржан Сәдірбай, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз хатшысы:

– Монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған кірістің бес пайызына дейін мөлшеріне дейін айыппұл салу және монополиялық кірісті тәркілеу көзделген осы әкімшілік іс аясында. Бүгінгі таңда «КаР-Тел» ЖШС сотқа өзінің шағымын түсірді. Сонымен қатар тағы бір айта кететін жайт, биылғы жылдың шілде айында соттың бірінші сатысы агенттіктің іс-қимылын дұрыс деп таныды.

Мәселені жауапты министрлік те байқап, табан асты тариф құнын көтеруге тосқауыл қоятын ереже енгізді. Оған сәйкес операторлар кез келген өзгеріс туралы тұтынушыларға бұрынғыдай 30 күн емес, 60 күн бұрын хабарлауға міндетті.

Фарида Ысқақова, ҚР ЖИЦДМ телекоммуникациялар комитеті байланыс саласындағы мемлекеттік саясат басқармасының бас маманы:

– Азаматтарға 60 күн хабарлама беру міндеті абоненттерге тарифтік жоспардағы өзгерістермен асықпай танысып, бюджеттерін алдын ала танысып, немесе басқа операторға, яғни өзіне тиімді тбаламалы тарифтік жоспарға ауысуға жеткілікті уақыт берілген.

«Дегенмен нарықта жаңа ойыншы пайда болмай, баяғы жартас сол жартас күйінде қалады», – дейді мамандар.

Авторлары: Серік Селеубайұлы, Мадияр Қындыбаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz