Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бұл жолы елордаға Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ұлытау облыстарының шаруалары 1600 тоннадан астам азық-түлік өнімін әкелген, деп хабарлайды 24KZ.
Олар ет және сүт өнімдерін, көкөніс, балық және басқа да азық-түлік тауарларын қолжетімді бағада сатып жатыр. Әсіресе, теріскейлік шаруалар көп өнім алып келген. Олар 1 мың тоннадан астам азық-түлікті астаналықтарға ұсынып отыр. Ал оның басым бөлігі – ет және ет өнімдері. Ұн және ұн өнімдері де бар.
Лаура Мамырбекқызы, қала тұрғыны:
– Осы жәрмеңкедегі Петропавл өңірін өзім қатты күттім. Мамлют ауданының ұндары жақсы. Бір жылға алып аламын, одан кейін бір жыл пайдаланамын. Картоп, сәбіз алдым. Осындай жәрмеңке болып жатқанына рақмет. Қыс бойы өзіміз жинап аламыз. Қыс бойы бізге азық.
Тегтер #24KZ #жәрмеңке #Солтүстік Қазақстан облысы #Павлодар облысы #Ұлытау облысы #Астана #азық түлікPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz