RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Камбоджа арасында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін

17.10.2026, 16:59 38

Қазақстан мен Камбоджа арасында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін. Бұл туралы осы елдің Премьер-министрі Хун Манеттің елге ресми сапарында айтылды. «Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген отандасымыз Камбоджаға барып, оның көрікті жерлерімен танысқысы келетінін, сондықтан елдеріміз арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселесін пысықтауымыз қажет», – деді. Ал Камбоджа Премьер-министрі Қазақстанның eGov жүйесіне қызығушылық танытып отырғандарын жеткізді. Жиында тараптар гуманитарлық саладағы байланыстарды жандандыру жайын да қаузады, деп хабарлайды 24KZ.

Әлішер Әли, тілші:

– Ақордадағы алқалы отырыс шағын құрамдағы келіссөзден басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сапарға екі ел арасындағы мызғымас достықтың айғағы деп баға беріп, тарихи оқиғаға балады. Себебі бұған дейін Камбоджа премьер-министрлерінің Қазақстанға жолы түспеген. Сол үшін тараптар сапарға ерекше мән беретінін жеткізіп, қатынасқа қарқын қосуға ниетті екенін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Сапарыңыздың тарихи мәні зор деп санаймын. Өйткені бұған дейін Камбоджа премьер-министрлерінің Қазақстанға жолы түспеген. Ал Сіздің қазақ жерімен жеке байланысыңыз бар. Әкеңіз 1982 жылы елімізге келген екен. Бүгін екіжақты қарым-қатынастың ауқымды мәселелерін талқылаймыз. Қазақстан халқының еліңізге ықыласы ерекше. Көптеген отандасымыз Камбоджаға барып, оның көрікті жерлерімен танысқысы келеді. Елдеріміз арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселесін пысықтауымыз қажет. Сондай-ақ гуманитарлық саладағы байланыстарды жандандырғанымыз жөн.

Өз кезегінде Хун Манет көрсетілген құрметке алғыс айтып, келіссөздер нәтижесі ынтымақтастық көкжиегін кеңейте түсетініне сенім білдірді. Сондай-ақ Премьер-министр Қазақстанның eGov жүйесіне қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.

Хун Манет, Камбоджа Корольдігінің премьер-министрі:

– Бүгін энергетика секторындағы ықпалдастықты тереңдету мүмкіндігі туып отыр деп ойлаймын. Ведомстволарымызға өзара мүдделі бағыттарды анықтауды тапсыра аламыз. Қазақстан электронды үкімет бойынша айтарлықтай табысқа қол жеткізді әрі озық әзірлемелерге ие. Біздің министрліктеріміз осы салада тәжірибе алмасуға қызығушылық танытып отыр.

Келіссөз барысында өзара сауда-саттық көлемін ұлғайту мәселесіне айрықша мән берілді. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 40,7 млн АҚШ долларына жеткіш. Көрсеткіш аз әрине. Бірақ байланысты бекемдей түсуге мүмкіндік мол. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz