RU
Толық нұсқаға өту

Астанада инфрақұрылым орнықтылығына арналған RISE2026 конференциясы өтті

17.10.2026, 17:35 39

Климаттың өзгеруі мен қалаға түсетін жүктеменің артуы инфрақұрылымға қойылатын талаптарды күшейтті. Болашақтың сын-қатеріне төтеп беру үшін қалалық жүйелерді жаңа жағдайға бейімдеп, заманауи технологияларды енгізу қажет. Бұл мәселелер Астанада өткен халықаралық конференцияда талқыланды, деп хабарлайды 24KZ.


Климаттың өзгеруі қалалық инфрақұрылымға қойылатын талаптарды өзгертеді

Назарбаев Университетінде инфрақұрылымның орнықтылығы мен инженерлік қауіпсіздікке арналған алғашқы халықаралық RISE2026 конференциясы өтті. Жиында ғалымдар, инженерлер мен құрылыс компанияларының өкілдері қала инфрақұрылымына түсетін жүктеменің артуы мен климаттың өзгеруіне байланысты туындайтын мәселелерді талқылады. Инженерлік нысандардың қауіпсіздігі, заманауи құрылыс материалдары мен технологиялары, сондай-ақ халықаралық техникалық стандарттарды дамытуға ерекше мән берілді.

Рехан Садик, NU провосты:

– Астананың аумағы жыл сайын 6-8 пайызға өсіп келеді. Бұл қалалық инфрақұрылымға айтарлықтай салмақ түсіреді. Климаттың өзгеруі мен табиғи апаттар да қауіп төндіреді. Сондықтан төтенше жағдайларға төтеп бере алатын технологиялар мен инфрақұрылым қажет. Бұл ретте жасанды интеллект, робототехника және халықаралық тәжірибе алмасу маңызды рөл атқарады.

Конференцияда көлік инфрақұрылымының қауіпсіздігі де талқыланды. Қатысушылар нысандарды салу, техникалық қызмет көрсету және автоматтандырылған жүйелерді енгізу мәселелерін қарастырды. Мұндай шешімдер, әсіресе Астанада қоғамдық көлік жүйесін дамыту үшін өзекті.

Мәди Сарбасов, City Transportation Systems ЖШС басқарма төрағасының орынбасары:

– Бұл – өте маңызды іс-шара. Конференция түрлі елдердің ғалымдары мен инженерлерін, құрылыс және пайдалану компанияларын біріктіреді. Қоғамдық көлік қала тұрғындарының қатынауында маңызды рөл атқарып, қаланың күретамыры саналады. Сондықтан «Тарлан Астана» жобасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін озық технологиялар қолданылған. Жүйе толығымен автоматтандырылған.

Ұйымдастырушылар тәжірибе алмасу арқылы климаттық қауіптерді ескеретін әрі қалалық инфрақұрылымды жақсартатын шешімдер енгізуді көздейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz