Сәтбаев қаласы Ұлытау көшесінде орналасқан бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды 24KZ ТЖМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша жедел жетті. Құтқарушылар барлау жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды үйден эвакуациялауға кірісті.
Өртті сөндіру барысында көршілес пәтерлерден 14 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды.
Сонымен қатар құтқарушылар жанып жатқан пәтерден түтінге тұншыққан мысықты алып шықты. Жануардың тыныс алуы қиындағандықтан, оған құтқарушының тыныс алу аппаратының көмегімен алғашқы көмек көрсетілді.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Өртті сөндіруге «Серіктес» ЖШС қызметкерлері де қатысты.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz