RU
Толық нұсқаға өту

Шығыс Қазақстандағы шалғай ауылдарға интернет жетті

19.10.2026, 07:30 38

Шығысқа барсаңыз хабарсыз қалмайсыз. Шалғай ауылдарға да интернет жетті. Жауаптылар өңірде 349 ауылдың 307-сінде байланыс барын айтты, деп хабарлайды 24KZ.

Енді қалған ауылдардың теллекоммуникациясын жақсарады. Бұдан бөлек, интернеттің сапасын арттыру жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Жалпы елде биылдыққа 370 ауыл интернетке қосылды. 12 мың шақырым желі тартылды.

Облыста биыл 41 елді мекен интернет және ұялы байланыспен қамтылды. Осылайша, жалпы 700 мыңнан астам тұрғын интернеттің игілігін көріп отыр. «Шекарадағы Марқакөл ауданындағы ел-жұрт бұрын хат-хабар алмасуда қиналатын едік», – дейді. Жеке аудан болғалы түтін түзеліп, тірлік реттеле бастаған.

Гүлбақыт Ақтанова, Марқакөл ауылының тұрғыны:

– Міне, біздің ауданымыз құрылғалы бері интернет сапасы жақсарды деп толық айта аламын, өйткені қазір біз шалғай ауданмен де байланысымыз жақсарды. Жұмыста да, тұрмыста да қазір бізде сапасы өте жақсы.

«Бірақ шалғайда жатқан біраз ауылға желі тарту әлі де қиындық тудырып тұр», – дейді мамандар. Себебі кейбірінде адам саны 10-15-тен аспаса, енді бірі тым жырақта. Жер бедері де күрделі. Сондықтан қазір операторлар ондай шағын елді мекендерге инфрақұрылым тартудың тиімді жолын қарастырып жатыр.

Әйгерім Жағалбаева, облыстық Цифрландыру және архивтер басқармасы бөлімінің бас маманы:

– Бүгінде қосылмай тұрған 42 елді мекен бар, ол ауылдардың жер бедері қиын, кейбірінде адам саны тым аз. Әрине, ондай жерге станция қою операторлар үшін тиімсіз. Сондықтан қазір басқа амалдары қарастырылып жатыр. Соның ішінде спутникті One Web нүктелерін ашу да жоспарда бар.

Байланыс сапасы нашар учаскелер Өскеменде де бар. Баста қалада 25 аумақ анықталған еді. Қазір соның 22-сінде жағдай реттелді. Электр энергиясы және мобильді байланыспен қатар қамтамасыз ететін бағандар орнатылып жатыр. Марина Тихобаева қаланың орталығында тұрса да, талай жылдан бері ұялы телефонды қолдана алмағанын айтады. «Бір құжатты жүктеп алу үшін байланыс аясын іздеп, әбігер болдық», – дейді ол. Енді бағандар қойылғалы жағдай өзгеріпті.

Марина Тихобаева, қала тұрғыны:

– Әсіресе қандай да бір құжат алып, хабарласу қиын болды. Кейде біреуге қоңырау шалу үшін келесі бір көшелерге шығып, байланыс бар жерді іздеп кететінбіз. Қазір жақсы болды. Үйде де, далада да интернет жақсы ұстап тұр. Балаларыммен де жиі сөйлесемін.

Әзірге әмбебап бағандар байланыс сапасы нашар екі көшеге қойылды. Келесі жылы басқа көшелер де қамтылады. Осылайша, қаладағы мобильді байланысы жоқ учаскелер толық жойылады. Жалпы облыста «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы аясындағы жұмыстар жалғасын табады.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz