RU
Толық нұсқаға өту
фото: shutterstock

ҚМДБ 2027 жылғы діни мерекелер күнтізбесін бекітті: Ораза қашан басталады

19.10.2026, 10:25 46

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылғы діни күндер мен мерекелердің кестесін бекітті, деп хабарлайды 24KZ.

Кестеге сәйкес, келер жылы Рамазан айы 8 ақпанда басталады, ал Ораза айт 9 наурызға сәйкес келеді.

Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түні болады. Ал Құрбан айт 16 мамырда басталып, 18 мамырға дейін жалғасады. Арапа күні 15 мамырға белгіленген.

Бұдан бөлек, мұсылман күнтізбесіндегі маңызды күндердің бірі – Ашура күні 15 маусымға, Мәуліт мерекесі 14 тамыздан 15 тамызға қараған түнге сәйкес келеді.

ҚМДБ мәліметінше, хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректеріне негізделген. Діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты бір күнге өзгеруі мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz