RU
Толық нұсқаға өту
ЖИ

Көші-қон комитеті шетелдегі күмәнді жұмыс ұсыныстарынан сақтандырды

19.10.2026, 12:39 34

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шетелде жылдам жұмысқа орналастыру туралы жарнамалар көбейді. Еңбек министрлігінің Көші-қон комитеті мұндай ұсыныстардың дені шетелдік күмәнді ұйымдардан келетінін ескертті. Көп жағдайда олар Қазақстанда тіркелмей құқықтық алаңнан тыс жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды «24KZ».

Оңай олжаға ұмтылу айтарлықтай қаржылық шығындарға, құқықтық кепілдіктердің болмауына және бөтен елде қиындықтарға тап болуға әкеп соқтыруы мүмкін. Мұндай схемаларды ұйымдастырушылар әдетте Қазақстан аумағынан тыс жерде болады, сондықтан зардап шеккендердің құқығын қорғау қиын, делінген ведомствоның ресми хабарламасында. 

Ведомство тұрғындарды интернеттегі кездейсоқ хабарландыруларға сенбеуге және күмәнді рекрутерлерге ақша аудармауға шақырды. Шетелге тек ресми аккредиттелген операторлар арқылы, барлық құжат пен рұқсатты алдын ала тексеру арқылы ғана қауіпсіз түрде жұмысқа орналасуға болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz