RU
Толық нұсқаға өту

Елде маймыл шешегінің алдын алу шаралары күшейтілді

19.10.2026, 13:30 39

Елде маймыл шешегінің алдын алу күшейді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, инфекция ел аумағына енуі мүмкін. Дегенмен оның халық арасында кеңінен таралу қаупі төмен, деп хабарлайды 24KZ.

Қазір шекарадағы санитариялық бақылау күшейіп, ауру тіркелген мемлекеттен келген азаматтардың денсаулығы қадағаланады. Медициналық ұйымдар мен зертханалар инфекцияны анықтауға дайын. Маймыл шешегі көбіне тығыз физикалық байланыс арқылы беріледі. Дене қызуының көтерілуі, бас пен бұлшықеттердің ауыруы және теріде бөртпенің пайда болуы – аурудың негізгі белгілері. Мамандар жеке гигиенаны сақтап, себебі белгісіз бөртпесі бар адамдардан аулақ болуға кеңес береді. Ал дерт белгілері байқалса, әсіресе шетелден оралғаннан кейін, медициналық көмекке жүгіну қажет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz