RU
Толық нұсқаға өту

Көші-қон комитеті шетелде жұмыс іздеушілерге ескерту жасады

19.10.2026, 13:50 28

Шетелде жұмыс іздегенде интернеттегі әр ұсынысты мұқият тексеру керек, деп хабарлайды 24KZ.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жоғары жалақы ұсынып, қысқа мерзімде жұмысқа орналастыруға уәде беретін хабарландырулар таралып жатыр. Алайда олардың арасында Қазақстанда ресми тіркелмеген шетелдік делдалдар мен күмәнді ұйымдардың ұсыныстары бар. Мұны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті ескертеді. Мұндай делдалдарға сенген азаматтар ақшасынан айырылып, шетелде құқықтық проблемаларға тап болуы мүмкін. Ал қызмет көрсетуші ұйымның шетелде орналасуы зардап шеккендердің құқығын қорғауды және келтірілген шығынды қайтаруды қиындатады. Көші-қон комитеті шетелге жұмысқа бармас бұрын жұмыс беруші туралы мәліметтерді тексеріп, еңбек шартының талаптарымен мұқият танысуға кеңес береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz