RU
Толық нұсқаға өту
фото: depositphotos.com

Павлодар облысында қараусыз жүрген 27 800 бас мал арнайы тұраққа қамалды

19.10.2026, 14:41 40

Павлодар облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және мал ұрлығының жолын кесу мақсатында полиция қызметкерлері қараусыз жүрген малды анықтау бойынша тұрақты рейдтер жүргізіп келеді, деп хабарлайды «24KZ». 
Қараусыз жүрген мал арнайы тұрақтарға қамалады. Қазіргі уақытта өңірде осындай 128 тұрақ жұмыс істейді. Жыл басынан бері оларға 27 800 бас мал орналастырылған. Мысалы, Омбы – Майқапшағай автожолының 498-шақырымында полиция қызметкерлері жолдың жүру бөлігінде қараусыз жүрген жылқы үйірін анықтады. Сондай-ақ Павлодар – Успен автожолында қараусыз жүрген 20 бас ірі қара мал тіркелді.
Мал иелері анықталып, оларға әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Жыл басынан бері мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін 2 035 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Полиция қызметкерлері мал иелерін ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын қатаң сақтауға және малды қараусыз қалдырмауға шақырады.  


«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz