Астанадағы №115 жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары Республика күніне орай Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындады, деп хабарлайды «24KZ».
Астана әкімдігінің мәліметінше, оқушылардың орындауындағы ән туған жерге деген сүйіспеншілікті, елге деген мақтаныш пен отансүйгіштік сезімді дәріптеуге арналды.
«Атамекен» әні арқылы мектеп оқушылары ел бірлігі мен тәуелсіздік құндылықтарына құрметін білдірді.
Тегтер #Астана #оқушылар #республика күні #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz