RU
Толық нұсқаға өту

БҚО: прокуратура органдарының араласуынан кейін 4 елді мекендегі ауыз судың құны төмендеді

19.10.2026, 19:19 34

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында прокуратура органдарының араласуынан кейін 4 елді мекендегі 283 абонентке ауыз судың құны 4 жарым есе төмендеді.

Бұған дейін тұрғындар тіршілік нәрінің әр текше метріне 667 теңгеден төлеп келсе, енді су құны 151 теңгеге түсті. Бағаның бұлайша қымбат болуы - мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған су нысандарының уақытылы коммуналдық меншікке алынбауы - дейді мамандар. Тексеру барысында 2015–2025 жылдар аралығында ауданның 25 елді мекенінде салынған су мұнаралары мен жабдықтау желілерінің мезгілінде рәсімделмегені және коммуналдық шаруашылыққа алынбағаны анықталды.

Ердәулет Қуаныш, БҚО прокуратурасының басқарма прокуроры:

- Қалыптасқан жағдай мемлекеттік мүлікті тиісінше есепке алмау тәуекелдерін туындатып, нысандарды одан әрі пайдалану және халықты ауызсумен қамтамасыз ету мәселелеріне кері әсер етуі мүмкін еді. Қазіргі уақытта сумен жабдықтау жүйесінің қалған 19 нысаны мемлекеттік тіркеуден өткізу сатысында. Жалпы құны 4,3 млрд теңгені құрайтын сумен жабдықтау жүйесінің 6 нысаны мемлекет меншігіне қайтарылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz