Елде қазақ тіліндегі жасанды интеллект Alem Cloud суперкомпьютері арқылы дамиды.
Ұлттық ақпараттық технологиялар мамандарының айтуынша, есептеу жүйесінің қуаты шамамен 2 эксафлопсқа жетеді. Жаңа технология ұлттық терминологияны, тілдік құрылымды және жергілікті ақпараттық ерекшеліктерді ескеретін модельдерді дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар қазақ және басқа тілдерде қызмет көрсететін цифрлық платформаларды жетілдіруге жол ашады. Суперкомпьютердің мүмкіндіктерін отандық IT-компаниялар мен стартаптар да пайдалана алады. Бірақ есептеу ресурстарына қол жеткізу тәртібі арнайы талаптарға сәйкес айқындалады.
Алмас Сауданбай, "ҰАТ" АҚ Open-Source шешімдер департаменті техникалық бағытының жетекшісі
- Қазіргі күннің өзінде бірнеше отандық стартапты ІТ компаниялар Alem Cloud суперкомпьютерін жасанды интеллект модельдерін даярлауға, күрделі есептеулер жүргізуге және үлкен деректерді өңдеуге пайдаланып жатыр. Суперкомпьютер сияқты күрделі есептеу құрылымын басқару кезінде тек ғана заманауи жабдықтар емес, сонымен қатар сол жабдықты басқара алатын білікті мамандардың қажеттілігі өте зор.
Жалпы Қазақстанда жасанды интеллект саласында орасан жұмыс атқарлып жатыр. 2027 жылы Екібастұзда құны шамамен 5 миллиард доллар болатын Data Center Valley ірі цифрлық жобасы жүзеге асады. Деректерді өңдеу орталығының куаты 50 мегаватт болады. Жаңа кешен халықаралық жасанды интеллект компанияларына қызмет көрсетіп, елге инвестиция тартуға, цифрлық экспортты арттыруға мүмкіндік береді, дейді мамандар.
Тегтер #Таңдаулы #Қазақстан #суперкомпьютер #24KZ #жасанды интеллект жылыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz