RU
Толық нұсқаға өту

181 отбасы Шымкенттен солтүстік пен шығысқа қоныс аударды

19.10.2026, 20:18 41

Биыл Шымкенттен теріскей мен шығысқа 181 отбасы қоныс аударды.

Еңбек күші тапшы өңірлерге барлығы 733 адам көшті. Жанұяның әр мүшесіне 302 мың теңгеден қаржылай қолдау берілді. Мемлекет тарапынан баспана бағасының жартысын өтеуге субсидия бөлінді. Талап бойынша өңірден 5 жылға дейін көшпеу туралы келісім шарт жасалды. Олар мамандығына қарай құрылыс, білім, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы салаларына жұмысқа тартылды. Жыл соңына дейін тағы 300-дей квота бөлінеді. Қазір үміткерлердің құжаттарын қабылдау жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл бағдарлама елдегі кадр мәселесін реттеп, ішкі көші-қон саясатын жүзеге асыруға септігін тигізеді.

Нұрсұлу Есқараева, қалалық еңбек мобильдігі орталығының бөлім басшысы:

- Қоныс аударуға шешім шықпас бұрын қоныс аударушылар қабылдау өңіріне барып, жалпы тұрақты жұмыс орындарымен, тұрғын үй жағдайларымен танысып келу мүмкіндігі бар. Жылына екі рет автобус жүреді сол жақа қарай, солтүстік өңірлеріне тегін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz