RU
Толық нұсқаға өту

«Ақтөбе - Хромтау» жолының бір бөлігі ашылды

19.10.2026, 22:00 41

«Ақтөбе - Хромтау» жолының бір бөлігінде құрылыс жұмысы аяқталды.

Инфрақұрылымдық нысанның ашылу салтанатына Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев қатысты. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Ақтөбе облысындағы бөлігінде қайта жаңғырту жұмыстары 2024 жылы басталды. Облыс орталығынан Хромтау, Қарабұтақ, Ұлғайсын арасындағы 262 шақырым жол 7 учаскеге бөлініп, мердігерлер бекітілген. Жоба бойынша республикалық маңызы бар жол бірінші техникалық санатқа сай болуы тиіс. Қазір Ақтөбе облысында үш көлік дәлізінің құрылысы жүріп жатыр. Ақтөбе мен Ұлғайсын арасын байланыстыратын бағыттан бөлек «Астана - Орталық - Батыс» автомагистралі мен "Бейнеу - Сексеуіл" жобасы бар.

Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

- Бұл өте үлкен жоба. Осы үш жобаға үш триллионға жуық қаражат бөлінді - бұл өте үлкен қаражат. 1900 шақырымның үстіндегі жобалар мұның барлығын есептесек. Осы алдағы үш жылдың ішінде құрылысы аяқталып, ел игілігіне табыстайтын боламыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz