Қызылордада волонтерлер слетінің ресми ашылуы өтті.
Дүниежүзілік волонтерлер апталығына орай ұйымдастырылған жиынға елдің әр өңірінен жүздеген ерікті жиналды. Олар өзара тәжірибе алмасып, жаңа әлеуметтік жобаларды талқылап, тың бастамаларды жүзеге асыруға дайын. Слеттің алғашқы күні қатысушылар өзекті мәселелерді ортаға салып, пікір алмасты. Көшбасшылар, спикерлер мен сарапшылар волонтерліктің түрлі бағытын талқылады. Корпоративтік және экологиялық волонтерлік, шалғай ауылдардағы мұқтаж жандарға қолдау көрсету мәселелеріне назар аударды.
Вера Ким, "Ұлттық волонтерлік желі" ЗТБ төрағасы:
- Волонтерлік форумның негізгі міндеттерінің бірі – қазақстандық волонтерлік ұйымдар мен экологиялық жастар ұйымдарының күш-жігерін біріктіру. Сонымен қатар әр өңірде белгілі бір экологиялық мәселенің қалай шешіліп жатқанын көрсету және тәжірибе алмасу маңызды. Сондай-ақ үздік тәжірибелерді басқа өңірлерде де қолдану мүмкіндіктерін қарастыру қажет.
Тегтер #Қызылорда #волонтер #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz