RU
Толық нұсқаға өту

Республика күні қарсаңында «Саған кітап арнадым» акциясы басталды

19.10.2026, 23:19 45

Ел үшін айтулы дата - Республика күні қарсаңында ерекше акция басталды.

Көпшілік жақындарына кітап сыйлап, эстафетаны ізгі тілек жазу арқылы достарына жолдай алады. Мақсат – кітап оқу дәстүрін кеңінен насихаттау және тұрғындардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, дейді ұйымдастырушылар. «Саған кітап арнадым» акциясы елдің басты мемлекеттік мерекесін игі әрі мағыналы іспен атап өтуге шақырады. Бұл түрлі буын өкілдерін байланыстырып, қоғамның дамуына бағыт-бағдар беретін құндылықтарға назар аударуға мүмкіндік.

Аян Сакошев, «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының атқарушы директоры:

- Әрбір адамның өзінің кітапханасында өзіне ерекше әсер беретін кітаптары бар. Сол кітаптарды өзінің жақындарына, достарына сыйлап осындай кітап сыйлауды дәстүрге айналдыру. Өйткені өздеріңіз білесіздер осы жұмада еліміздің ең маңызды мейрамдарының бірі, сонымен қатар біздің оқушылар каникулға шығады, сол уақытта бос уақытын тиімді өткізу үшін, өзін өзі дамытуға тағы да бір себеп алу үшін өзіңіздің жақындарыңызға кітап сыйлауға бағытталған "Саған кітап арнадым" акциясын жариялаймыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz